ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР!

0

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 490 бабының 1 тармағына сәйкес меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Тiркемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Уақытылы төлемеген жағдайда жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама жолданылады, жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі – салық бұйрығы). Жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға табыс етуге жататын салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.