ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ОҚУ – БҰЛ АБЫРОЙ МЕН ҚҰРМЕТ!

0

Қазақсан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындары арасындағы жетекші академиялардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы білім беру  бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша «6В12301-Құқық қорғау қызметі», «6В12302-Ақпараттық технологиялар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «6В0601-Ақпараттық жүйелер» және «6В06201- Радиотехника-электроника және телекоммуникация» мемлекеттік  жалпы білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады.

Оқытудағы артықшылықтары:

-Мемлекеттік тапсырыс  негізінде оқуға қабылдау және оқыту. Абаттандырылған жатақханада тұру, заманауи техникамен жабдықталған заманауи аудиторияларда  оқу, стипендия алу, тамақпен, заттай үлеспен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, тегін спорт  секциялары (тренажер және күрес залдары, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сай келетін бокс рингі), тұрғылықты жеріне тегін жол жүру (пойызбен) және кері қайту.

-Күндізгі оқу нысаны бойынша оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі;

-Толық оқу курсын аяқтаған әрбір түлек 100% жұмысқа орналасады;

-Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры» және «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр» біліктілігі тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сондай-ақ «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі.

Оқуға түсу тәртібі:

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға орта  білімі бар, 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Оқуға ақпан-мамыр айлары аралығында оқуға түсуші тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуі немесе тікелей қабылдауға тиісті құжаттарды рәсімдеу үшін Алматы академиясының сайтына https://apa.gov.kz/ сілтемесі бойынша кіруі қажет.

Бірыңғай ұлттық тестілеуді (бұдан әрі ҰБТ) тапсыру үшін өтініш беру мерзімі оқуға түсу жылының 10 наурызы мен 10 мамыр аралығын қамтиды. ҰБТ-ны өткізу 25 маусым мен 5 шілде аралығында болады. Сіз https://Prob-ent.testcenter.kz сілтемесі бойынша ҰБТ-ны онлайн тестілеуден  өткізе аласыз.

«6В12301 — Құқық қорғау қызметі», «6В12302 — Ақпараттық технологиялар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін «Ұлттық Бірыңғай тестілеуді өткізу және  Ұлттық Бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығының 5 қосымшасына сәйкес кез келген вариацияда (шығармашылық емтиханнан басқа) 2 бейіндік пәнді  таңдауға болады;

«6В0601-Ақпараттық жүйелер» және «6В06201- Радиотехника-электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін келесі 2 бейіндік пән таңдалуы тиіс: 1. «Математика» және 2. «Физика».

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Медициналық куәландырудан және ҰБТ-дан сәтті өткен адамдар медициналық және физикалық  көрсеткіштердің нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ қорытындысына сәйкес конкурсқа қатысу үшін оқу-далалық лагеріне шақырылады.

ҚР Ұлттық ұланнның қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген кандидаттар үшін белгіленген талаптар  бойынша шекті балл деңгейін жинаған адамдар конкурстан тыс қабылданады.

Толығырақ ақпаратты ІІМ Алматы академиясы сайтынан (apa.gov.kz) немесе келесі тел.номер арқылы біле аласыз: 87273378077; 87273378111; 87273378171, +77057552577 (ватсап) Полиция майоры Қаржаубаева Айсұлу Чакирбаевна, +77759305588 (ватсап) полиция аға лейтенанты Бейлқызы Мадина

Leave A Reply

Your email address will not be published.