Қақпатас ауылында референдум науқаны белсенді өтуде

0

Қақпатас ауылдық округіндегі референдум учаскесінде дауыс беру науқаны ұйымдасқан түрде өтуде. Таңғы сағаттардан бастап тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауын жасау үшін учаскеге келуде.
Учаскеде дауыс берушілерге барлық қажетті жағдай жасалып, науқан заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Комиссия мүшелері тұрғындардың еркін әрі ашық дауыс беруіне жағдай жасап, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруда.
Ауыл тұрғындарының белсенділігі маңызды қоғамдық-саяси шараға деген жауапкершілікті, ел өміріндегі шешімдерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдірген жұртшылықтың бірлігін көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.