АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

0

Бүгін Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелердің шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.

Жеке қабылдауға келген азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және қаржылай көмек көрсету мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріліп, тиісті сала басшыларының қатысуымен нақты жауаптар ұсынылды.

Қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тұру және оның жылжу тәртібі, жер учаскелерін рәсімдеу, әлеуметтік қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындарды толғандырған бірқатар мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болатынын атап өтті. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді заң аясында зерделеп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

Жалпы қабылдауға 12 азамат қатысып, әрқайсысының мәселесі жеке қаралды. Қабылдау қорытындысы бойынша бірқатар азаматтарға заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, өзге өтініштер бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Шолпан САБАНОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.