ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0

23 маусым күні Үлкен Сұлутөр және Ноғайбай ауылдық округтерінде толассыз жауған жауын салдарынан орын алған төтенше жағдай зардабы кезең-кезеңімен қалыпқа келтірілуде.
Төтенше жағдай қызметінің және аудан әкімдігіне қарасты мекеме мамандары жедел түрде тазалау жұмыстарын жүргізіп, апат салдарын жоюға белсене қызмет етті.
Су тасқыны астында қалған тұрғындардың малдарын демеушілер есебінен шешу жұмыстары да қолға алынып, бүгінгі күнге Үлкен Сұлутөр ауылдық округ тұрғындарына 44 қой, 1 мүйізді ірі қара, Ноғайбай ауылының тұрғындарына 3 сиыр өтеліп берілді.
Ал, қалған тұрғындардың малдары осы апта ішінде толықтай өтеледі деп жоспарланып отыр. Осы тұста көмекке мұқтаж болған ауылдағы ағайынға қол ұшын созған барша кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.