Қарасу ауылында әскери қызметкерлер референдумға қатысты

0

Қарасу ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №511 референдум учаскесіне мерзімді әскери қызметкерлер келіп, өз таңдауын жасады. Олар азаматтық борышын адал орындап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда белсенділік көрсетті.
Әскери қызметкерлердің қатысуы референдумның қоғамдағы маңыздылығын айқын көрсетіп, әрбір азаматтың дауысы елдің дамуына нақты үлес қосатынын тағы бір дәлелдеді. Учаскеге келгендер өз міндеттерін жауапкершілікпен орындап, демократиялық құқықтарын жүзеге асыруда үлгі көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.