ҚАРТТАР ДА ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

0

Қалыптасқан дәстүрмен жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы еліміз бойынша қарқын алды. Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға көмек беруді көздейтін бұл акцияға биылғы балалар жылында қордайлықтар да белсене атсалысуда. Қалталы кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары, еріктілер, тіпті, зейнет жасындағы қарттарға дейін қалыс қалмауда.

Кеше аудандық ардагерлер кеңесінде әлеуметтік көмекке мұқтаж үш оқушыға «Сырымбет» қайырымдылық қоры (М.Білдебаев, М.Нұрмағанбетов) есебінен алынған мектеп киімдері табыс етілді. Бұл балалардың екеуінің ата-аналары пәтер жалдап тұрады, отбасындағы басқа да балалары көмекке мұқтаж. Ал, тағы бірінің мүгедек баласы бар. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет қариялардың атынан осы балаларға арнап алынған киім-кешекті табыстай отырып, сабақтарын жақсы оқып, келешекте еліміздің білімді де білікті азаматтары болып шығуына тілек білдірді. Өз кезегінде балалардың аналары О.Закутнева, П.Садықова және У.Алтынбаевалар осындай қамқорлыққа мұрындық болып отырған жанашыр азаматтар мен қамкөңіл қарттарға алғыс білдірді.

Қ.ӘЛІМЖАН,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.