ҚАРЫЗ ӨНДІРУ ТУРАЛЫ ДАУ МЕДИАЦИЯМЕН РЕТТЕЛДІ

0

Қордай аудандық сотында қарыз өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді.

Сотпен анықталғандай, жауапкер С. 2023 жылғы сәуір айында талап қоюшыдан жалпы құны 1 млн. теңгеден астам сомада ерлер, әйелдер және балалар киімі түріндегі тауарларды қарызға алған.

Жауапкер қарызды 2023 жылғы 25 мамырына дейін төлеуге міндеттенген,  алайда міндеттемені толығымен орындамаған.

Істі сотқа дайындау барысында тараптар татуластыру рәсіміне қатысып, нәтижесінде медиативтік келісімге қол жеткізілді.

Сотпен бекітілген келісімге сәйкес, жауапкер 2023 жылдың  желтоқсан айынан бастап қарызын толық өтегенге дейін ай сайын 72 мың теңгеден төлеуге міндеттенді. Ал талап қоюшы талабынан бас тартты.

Іс өндірісімен қысқартылды, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.