«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» – ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

0

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту семинары ұйымдастырылып, Қордай ауданының тұрғындары оқудан өтуде.

Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелер қалай пайда болатынын, қарыздар санын азайту мүмкіндігін зерттейді. Оқу барысында мемлекеттік грант және қайтарымсыз несиені алу жолдары, қаржылық сауаттылық негіздері толық түсіндіріліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасымен ауданда 1051 тұрғын оқытылып, сертификат алған. Солардың бірі – Бетқайнар ауылының тұрғыны Ақниет Айтқұлова.

«Аманат» партиясы аудандық филиалының қолдауымен ауылда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту семинарына қатыстым. 5 күнге созылған дәрісте мен қаржыны қалай дұрыс жұмсау, дұрыс үнемдеу, қайтарымсыз грантқа қол жеткізудің жолдарын үйреніп, мол мағлұматтар алдым. Оқу аяқталған соң қатысушыларға семинарға қатысқандығы жайында сертификат табысталады. Оқыту семинарынан кейін мемлекеттен кәсіп бастауға бөлінетін қайтарымсыз грантқа өтінім беріп, бизнес жобамды сәтті қорғап шықтым. Түскен қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарды алып, жеке шаштараз салонын аштым. Мақсатыма жетуіме осы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өткен семинарда жинақтаған білімім көп пайдасын тигізді деп нық сеніммен айта аламын», — дейді кәсіпкер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.