Қордайлық жастар үздік атанды

0

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 16 қараша күні облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылуына орай салтанатты кеш өтті.

Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Зұлпыхар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары мен жастар қатысты.

«Жасыл ел» жобасының негізгі міндеті – жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандырумен айналыса отырып, өз бойында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады.

«Жасыл ел» еңбек жасағының маусымдық жабылу салтанатында «Үздік жасақ», «Үздік сарбаз», «Үздік командир» «Үздік мобилограф» номинациялары бойынша үздіктер марапатталды. Облыс аудандары арасында «Үздік жасақ» номинациясы бойынша Қордай ауданының жастарынан құралған «Жасыл ел» еңбек жасағы жүлделі 1-орынды жеңіп алып, 100 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал 2-орынды Меркі ауданы, 3-орынды облыстық штаб иеленді. Өзге аудандардан оқ бойы оза шыққан ауданымыздың еңбекқор, белсенді жастарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.