ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

0

Елімізде 15 қараша – Ұлттық валюта күні қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Жылдағы дәстүрмен биыл да мереке күні өңір экономикасының өрлеуі мен қаржы секторының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қаржыгерлерге құрмет көрсетілді.

Сала мамандарын қабылдаған аудан әкімінің орынбасары Елдос Нұралиев қаржыгерлерге аудан басшысы Мәден Мұсаевтың құттықтауын жеткізіп, еңбегімен еленген үздіктерін марапаттады.
Бұл күні Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Әбдіжалиева, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Найманхан Абдрашев, Қордай аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы Сандуғаш Мұсаханова Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абусеит Ажмаханов, аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас инспекторы Жеңіскүл Маженова, Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Гаухар Сейтжанова, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы Ерлан Орманов, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері Орынкүл Көлбаева, Жұлдыз Дүйсебай, Қордай аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы Ғабит Нұрбеков, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің статистигі Лаура Бақбергенова, Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің статистигі Мақпал Сарсен аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Маман иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Елдос Нұралиев кездесу барысында қаржыгерлермен емен-жарқын сұхбат құрып, аталмыш саланың ел өміріндегі маңыздылығына тоқталып өтті: «Бүгінгі таңда ауданымыздың жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен біліктіліктеріңіздің, өз мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыздың арқасында Қордай ауданы экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Келешекте де ел игілігі жолында тек биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін»,-деді аудан әкімінің орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.