ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІҢ МЕРЕКЕСІ

0

Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде төл теңге қолданысқа енді. Міне, дәл осы күн қаржыгерлердің мерекесі ретінде аталып келеді.

Осы жылы да 15 қараша күні елеусіз қалған жоқ. Мұнымен қоса, биыл төл теңгеміздің 30-жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осыған орай, ауданымызда қаржы саласында қажымай еңбек етіп келетін азаматтармен қатар, бүгінде зейнет жасына жетіп, немере, шөбере сүйіп жатқан ардагерлер де марапатталды. Іс-шара аудандық Мәдениет үйінде өтіп, мереке иелерін аудан әкімінің атынан құттықтаған оның орынбасары Бақыт Сахатов құрметті қонақтарды марапаттады.

— Төл теңгеміздің 30 жылдық мерейтойында қаржы саласында еңбек етуші барлық қызметкерлерді құттықтаймын. Сіздердің адал қызметтеріңіздің арқасында бүгінде жалақы уақытында төленіп, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, аудан экономикасының барлық саласында тұрақтылық сақталған. Жақындарыңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен сарқылмас күш-қуат тілеймін, еліміздің гүлденуіне сүбелі үлес қоса беріңіздер! – деді Бақыт Оңласынұлы.

Аудан  экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге орасан үлес қосқаны, қаржы саласында ұзақ жыл талмай еңбек еткені үшін және «15- қараша ҚР қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Г.Сафронов, С. Маймурунова, Ш. Райкулова, Б. Молдагулова, Ж. Маженова, Б. Жәнетұлы марапатталды.

Сондай-ақ, аудан әкімінің Алғыс хатымен келесі азаматтар марапатталды: Т.Куличкина, К.Байзрахманова, С.Калиева, Ж.Джусанбаева, А.Джунисбаева, Л.Омарова, М.Кудайбергенова, Е.Жексембеков, Р.Усенова, А.Махамеджанова, Н.Катчибаева, Г.Абдимова, Г.Бейсеналы, О.Джунушбаев.

Марапаттау рәсімінен кейін жергілікті өнерпаздар іс-шараға жиналғандардың назарына концерттік бағдарлама ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.