республикалық экологиялық акциясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде табиғатқа қамқорлық жасау мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау халықтың өмір салтының ажырамас бөлігі болуы керектігін атап өтті.
Шын мәнінде, қаланың тазалығы — бәрімізге ортақ жауапкершілік. Бұл жерде адамның ұлтына, қызметіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамаймыз. Бір адамның тастаған қоқысының өзі ертең қоршаған ортаға, қалаға, тіпті өзіміздің денсаулығымызға әсер етуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Отанға деген шынайы сүйіспеншілік кішкентай нәрседен — өз үйіңе, ауылыңа, қалаңа қамқорлық жасаудан басталатынын айтқан болатын. Сондықтан әрқайсымыз барған жерімізді таза ұстап, қоқысты шашпай, өзімізден кейін жинап жүруге дағдылануымыз керек. Бұл — күнделікті өмірдегі қарапайым әрекет болғанымен, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен әсер етеді.