Тұрмыстық өрттердің тұрғын үй және пәтерлерде ұлғайуы байқалады, олардың шығу себептерінің ең көп кездесетіні өрт қауіпсіздік ережелерінің жылыту жүйелерін және аспаптарын пайдалануда, пеш жүйелерінің ақауы, электр жүйесінің артық жүктелуінде қатаң бұзылуы, сонымен қатар, немқұрайлық. Сондықтан да, өрт сияқты алапат жауыздың алдын алуға ерте күннен бастап, жалпы алғанда қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, күресуге болатынын тағы да естеріңізге саламыз. Келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін.
Төмендегілерді орындаған жөн:
- Пешті және басқа да жылыту аспаптары мен жүйелері жағатын мерзім алдында жөнделіп және тексерілуі қажет;
- Түтін шығатын мұржалары мен пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет тазалап отыру қажет;
- Шатырдағы түтін өтетін арналар мен барлық түтін мұржаларының қабырғалары әктеуі қажет;
- Пештің от жағар қақпағының түбіндегі еденге өлшемі 50х70 см болатын металл қаңылтыр орнату керек;
- Түтін өтетін арналар мен мұржалардың қабырғаларының сылақтары бұзылған жағдайда тез арада қалпына келтіру шаралары қарастырылуы керек;
- Қатты отынмен жанатын пештердің түтін шығатын мұржаларын ұшқын сөндіретін құралдармен жабдықтау қажет.
Тыйым салынады:
- Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларды пешті қарауға сеніп тапсыруға;
- Отынды, басқа да жанғыш заттарды және материалдарды пештің алдында қалдыруға;
- Пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтырды қолдануға;
- Пештерге арналмаған отынның мына түрлерімен: көмірмен, кокспен және газбен жағуға;
- Пешті қатты қыздырып жағуға.
Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада «101», «112» хабарлап, өртті сөндіруге және адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге көшіруге шаралар қолдану қажет.
Өз баспаналарыңыздың тыныштығы және аман қалуы тек өздеріңізге байланысты екенін естеріңізден шығармаңыздар!
Мұхан ӨТЕЛБАЙ, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің инженері