1.«Аль-Каеда» — әртүрлі елдердің соғысқұмар адамдары қаржыландыратын және қызметіне бағыт беретін халықаралық ұйым. Құрылған күні мен орны: 1988 жылы, Ауғанстан. Негізін қалаушы: Сауд исламисі Осама бен Ладен
«Аль-Каеданың» басты мақсаты: мұсылман елдеріндегі «шіріген» және «еретикалық» басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату болып табылады. «Аль-Каеда» антибатыстық радикалды бағытты ұстанады және Американы исламның басты жауы деп санайды. Америка «Аль-Каеданы» және Асама бен Ладенді террористік қызмет жүргізгені, соның ішінде Нью-Йоркта, 2001 жылғы 11 қыркүйекте терактілер өткізгені үшін айыптайды.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде тыйым салынды.
2. «Алля — Аят» — оккультті сипаттағы қарапайым ілім.
Басқа атауы: «Аят» Фархата ата, «Фархата Ата тобы». Құрылған жылы: 1990, 1995жж. Негізін қалаушылар: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғындары, Алматы облысының колхоз шопыры Абдуллаев Фархат Мұхамедұлы және оның әйелі Нина. Діни журналы «Звезда Селенной». Негізгі әдістері үш бөлімнен тұрады:
-«Өмір формуласын» айту;
-«Күн нұрымен емдеу» (күнге ұзақ қарау);
— Орасан зор энергетикалық қуат беретін «Эткен шайды» (байха шай+сүт+тұз) көп ішу және т.т. Шайды ішуге немесе онымен денені шаюға болады. Ұйымның қызметіне Астана қаласының сотының шешімімен 2009 жылғы 12 қаңтарда тыйым салынды.
3. «Асбат аль-ансар» — маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым
Басқа атауы: “Партизан лигасы”. Құрылған күні мен орны: 1989 жылы, Эйн аль-Хильвед (Ливандағы босқындардың ірі палестиндік лагері) .Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди Басты мақсаты: Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды батыстық ықпалдан қорғау. Ливандағы ықпал үшін Арафат париясымен ішкі күрес жүргізеді.Аль-Каедамен тікелей байланыста және оған кадрлар жеткізіп тұруға міндеттенеді. 2000 жылы «Асбат-аль-Ансар» Бейрутта Ресей елшілігін гранатаметпен атып тастады. МакДональдс рестораны мен БАҚ редакциясына шабуыл жасады. Топ сарбаздарының Ирактағы Ресей дипломаттарының ұрлануына қатысы бар. Шейх Хишамның ұлы Шрейди Абдорлла құрған Асбат ан-Нұр әскери бөлімшесі бар. 2003 жылы мамыр айында Абдолла Шрейдиге қастандық жасалды, ауыр жарақаттардан ол шілде айында қайтыс болды.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздың шешімі негізінде тыйым салынды.
4. «Аум-Синрике» («Алеф») – антиәлеуметтік бағытты ұстанған қауіпті тоталитарлық экстремистік дін, Басқа атауы: «Движение истины Аум», жаңа атауы — «Алеф».
Құрылған күні мен орны: 1984жыл, Жапония. Көшбасшысы: — Секо Асахара (шын аты — Тидзуо Мацумото). Басты мақсаты: биліккке ұмтылу. Әскерилендірілген ұйым. Жаппай жою мақсатында қолданылатын қару шығаратын зауыты бар. Діні өте құпия, эзотериялық сипатта құрылған. Негізгі ақиқаттары бөгде адамдардан және табынушылар санатына кірмегендерден құпия сақталады.
-1995 жылы 20 наурыздағы «Аум Синрике» Асахараның тікелей бұйрығымен Токиоға газбен шабуылы, (12 адам өліп, 5000 адам зардап шекті). 1994 жылы осындай террористік акт Нагана префектурасында (Жапония) болды, 7 адам қаза тапты.
— 1995 жылы 22 наурызда «Аум» ғимаратында 50 адам қоршалып, ессіз күйінде табылды.
— 1995 жылы 16 мамырда жапон полицейлері Секо Асахараны тұтқындады. 2004 жылы сот Асахараны кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.
— 2006 жылы 15 қыркүйекте Жапонияның Жоғарғы соты соңғы аппелациядан бас тартты. Қазіргі таңда үкім орындалған жоқ. Әлі күнге дейін 17-бап бойынша тергеу жұмыстары жалғастырылуда.
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы шешімімен тыйым салынды.
5. «Боз Гурд» — жаңа оңшыл ұлтшылдық сипаттағы түрік әскерилендірілген ұйымы.
Басқа атауы: (азерб. Boz Qurd, тур. Boz Kurd), “Серые волки”.
Құрылған күні мен орны: 1965-70 жж. Негізін қалаушы: полковник Алпарслан Түркеш. Басты мақаты: туранизм – түркі халықтарының біріккен мемлекетін құру. Бүгінгі таңда Европа, араб елдері, ТМД-да – 30 000 мың мүшесі мен 80 филиалы бар.
Аталған ұйым мүшелерінің Алматы қаласында және Оңтүстік Қазақстанда болуы фактілері байқалды. Мұнда эмиссарлар Түркияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді өз қатарларына үгіттеу жұмыстарын ұйымдастырған.
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде тыйым салынды.
6. «Мұсылман ағайындар» — халықаралық діни-саяси террорлық ассоциация. . Құрылған күні мен орны:1928 жылғы наурыз, Исмаилия (Египет).
Негізін қалаушы: оқытушы Хасан аль-Банна. Негізгі мақсаты: исламдық емес үкіметті жою және әлемдік масштабта «Ұлы Ислам халифаты» деп аталатын билікті ең алдымен мұсылман халықтары басым өңірлерде, соңынан Ресейді қоса алғанда ТМД елдерінде құру. Қызметінің негізгі нысандары: басқа діндерге төзімсіз әскери исламдық насихат, мешіттерде жақтастарды белсенді тарту, аумақтың шектеусіз әскери жихад.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынды.
7. «Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар» — халықаралық террористік ұйым. Басқа атауы: «Исламдық джихад тобы»
Негізін қалаушылар: «Өзбекстанның исламдық қозғалысы» жауынгерлері
Басты мақсаты: Өзбекстан территориясында террористік акциялар ұйымдастыру және елдің конституциялық құрылысына нұқсан келтіру. АҚШ, Израиль және оның одақтастары болып саналатын елдерде исламның жауларымен күресу.
2004 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдары Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан елдерінде қызмет жасаған «Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар» ұйымын әшкерелеп, жойды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынды.
8. «Шығыс Түркістанның исламдық партиясы» — халықаралық террористік ұйым. Басқа атауы: «Исламское движение Восточного Туркестана», «Партия Аллаха», «Революционный фронт народов Восточного Туркестана».Құрылған жылы: 1998. Негізін қалаушылар: Айсан Махсум и Абудукадир Япуцюань. Басты мақсаты: Қытайды террористік әдіспен қирату, Шыңжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады. Партия жақтаушыларының қызметі Алматы өңірінде байқалды. Осы ұйымның мүшелері 2000 жылы екі полиция қызметкерін өлтірді, ұстау кезінде қарсылық көрсеткендері үшін көздері жойылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынды.
9. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» — бірден-бір қауіпті халықаралық террористік ұйым.
Басқа атауы: «Исламское движение освобождения Узбекистана», «Партия исламского возрождения».Құрылған жылы: 1996. Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев, 2001 жылға дейін әскери топтың басшысы Жұма Ходжиев (Намангани) болған. Басты мақсаты: Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Олар «Аль-Каеда», «Талибан», «Хизб ат-Тахрир», «Братья-мусульмане» және т.б. ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ұйым көшбасшылары елдің конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді. 1999-2002 жылдары біздің елімізде Өзбекстанда іздеу жарияланған қозғалыстың 13 жауынгері мен мүшесі ұсталды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынды.
10. «Күрд Халық Конгресі» Басқа атауы: «Конгра Гел», «Рабочая партия Курдистана» Құрылған күні мен орны: 27 қараша 1978
Қозғалыс көшбасшысы: Абдулла Оджалан. Негізгі мақсаты: Қарулы күрес арқылы Түркияның оңтүстік-шығысында,Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде тәуелсіз күрд мемлекетін құру. 1998-1999 жылдары Алматыда күрд диаспорасының көшбасшылары мен белсенділері антитүріктік бағытқа экстремистік акция ұйымдастырды. 2006 жылы осындай акция өткізілуіне тосқауыл қойылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынды.
11. «Лашкар-и-Тайба» — Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан) әскерилендірілген экстремистік суннититік топ. Басқа атауы: «Армия Бога», «Армия Справедливого». Құрылған күні мен орны: 1980, Кунар провинциясы (Афганистан).Негізін қалаушы: профессор Хафиз Мухаммад Саид. Басты мақсаты: әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтерге әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу. «Марказ дава уль иршад» пәкістандық фундаменталистік ұйымның әскер қанаты болып табылады. Кейбір көздерден түскен мәліметтер бойынша, бұл ұйым Пәкістан үкіметі енгізген тыйымнан бас сақтау үшін 2002 жылы қаңтарда «Джамат уд-Дава» болып атын өзгерткен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынды.
12.«Әлеуметтік реформалар қоғамы» , басқа атауы «Джамият аль-Ислах аль-Иджтимаи» — қайырымдылық көмек беру мәртебесі бар үкіметтік емес ұйым, штаб-пәтері Эль-Кувейт (Кувейт) қаласында орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда 1998 жылы қызмет жасаған. Әлеуметтік бағдарламаны бүркене отырып, «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымының алдына қойған мақсатын іске асыруға көмек көрсетеді және мұсылман емес үкіметті жойып, ислам басқармасы қағидаларының жолымен дүниежүзілік көлемде, ТМД елдерінде ислам халифатын орнатуды көздейді.
Қызметінің негізгі нысандары: басқа діндерге төзімсіз, қоғамды бөлшектеуге бағытталған мақсатты исламдық насихат жүргізеді (мықты қаржылық көмек көрсетіледі), Солтүстік Кавказдағы қарулы жихадты жасырын қаржыландырады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынды.
13. «Шығыс Түркістанды азат ету қоғамы» — Шығыс Түркістанда қауіп тудыратын террористік ұйым. Басқа атауы: «Шығыс Түркістанның халықтық партиясы», «ШАТ»Құрылған күні: 1994. Қозғалыс көшбасшысы: Майматин Айзлат. Басты мақсаты: ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында жеке мемлекет құру, қытай билігімен қарулы қақтығыс жүргізу.
Қызмет аясы: «Аль-Каеда» және «Талибан» ұйымдарының қолдауымен жас синьцзяндықтарды қатарларына тартады, оларды кейіннен Ауғанстандағы оқу-жаттығу лагерьлеріне жіберіп, террористік қызмет тактикаларына үйретеді. Қытай және Орта Азия өңірлерінде жасалған террористік актілерге қатысы бар. Ұйым қарулы шабуылдар жасау, есірткі және қару-жарақ бизнесі арқылы қаражат табады.
Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы шешімінің негізінде қызметіне тыйым салынды.
14. «Талибан» қозғалысы – қашқын-пуштундарға арналған діни училищелерді (медресе) бітірген түлектерден құрылған ультраконсервативтік исламдық қозғалыс. Құрылған күні мен орны: 1989 жыл, Пәкістан.
Негізін қалаушы: молда Мухаммед Омар. Қозғалыс орталығы: Кандағар қаласы (Ауғанстанның оңтүстік-шығысы). Басты мақсаты: «Шынайы исламдық» мемлекет құру Б.Раббани үкіметіне және кеңес әскері кеткеннен кейін билікке таласып жатқан ауған моджахедтарының барлық әскери-саяси топтарына қарсы қызмет жасау.
Талибтерді үш ел ғана — Пәкістан, Сауд Араб елі және БАЭ таныған. Талибтер бақылайтын аумақтарда теледидар көруге, батыс музыкасын тыңдауға тыйым салынған, әйелдер паранжа киеді, олардың оқуға және жұмыс істеуге құқықтары жоқ). Талибтер елдегі исламдық емес барлық дүниені, соның ішінде мәдениетті жою жөнінде фанаттық саясатты ұстанады.
Астана қаласы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімінің негізінде қызметіне тыйым салынды.
15. «Хизб-ат-Тахрир-Аль-Ислам» — сунниттік діни-саяси экстремистік ұйым. Құрылған күні мен орны: 1953 жыл, Иерусалим, египеттік филиалы ретінде құрылды. Негізін қалаушы: жергілікті шариғаттық апелляциялық соттың судьясы Такиуддин ан-Набхани Филасин. Көшбасшысы: Ата Абу Рашта, ізбасары Абдул Кадим Заллума Басты мақсаты: бірінші – Палестинадағы сионистік экспансияға қарсы тұру, өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап – исламдық өмір бейнесін және исламдық мемлекетті қалпына келтіру.
Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешімінің негізінде қызметіне тыйым салынды.
16. «Ата жол» ( «Ақ жол», «Ақ орда») өз қызметін «Ақ жол» ұйымы ретінде 1997 жылғы ақпан айында бастады. Кейіннен «Ата жолы» деп атын өзгертіп, 2001 жылы Алматыда коммерциялық ұйым (ЖШС) ретінде тіркелген.
Аталмыш ұйымның басты мақсаты – белгілі бір төлемақыға адамнан әулие жасау. Емдеу курсына ата-бабалардың аруақтармен байланысу үшін Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы киелі жерлерге бару енгізіледі.
Адамды оның сәуегейлік пен емшілік қасиетіне ие екендігіне және адамдарды кеселден емдей алатындығына сендіреді. Егер ол аруақтардың шақыруына құлақ аспас болса, ол бақытсыздыққа ұшырайды.
Еліміздің құқық қорғау органдары тарапынан «Ақ жолды» қаржыландыру көздерінің «Алля аяттағы» секілді ұстанушыларының міндетті ақша аударулары болып табылатындығы анықталған. Қаржыландыру ұстанымдары ағымның әр мүшесінің ағым құралымындағы деңгейін көтеру үшін өзімен бірге жаңа ұстанушыларды көбірек әкелуі жағынан «қаржылық пирамидаларға» ұқсайды. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 20 бабының 3-тармағына, 19-бабына сәйкес мемлекет қауіпсіздігін бұзуды насихаттауға және тұрғындардың денсаулығына нұқсан келтіретін факторларға жол берілмейді.
Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы экономикалық сотының 2008 жылғы 5 ақпандағы шешімімен «Ата жол» ұйымының қызметіне тыйым салынды.
17. «Халифат сарбаздары» 2011 жылы 31 қазанда Атырау қаласында екі жарылыс болды, бір белгісіз ер адам қайтыс болды. ҚР Бас прокуратурасы «Терроризм» бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Жарылыс үшін жауапкершілікті «Халифат сарбаздары» ұйымы мойнына алды. 2001 жылғы 24 қазанда «Халифат сарбаздары» дін туралы заңнан бас тартқан жағдайда, күш көрсету актілерін ұйымдастырамыз деп Қазақстан билігіне мәлімдеген. 2011 жылғы 9 қарашада «Джунд аль-Халифат» ислам ұйымының лидері Равиль Құсайынов Минбар Медиа жобасы журналистеріне сұхбат беріп, Қазақстанға қоқан-лоққы көрсеткен.
Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешімі негізінде «Халифат сарбаздары» ұйымы қызметіне тыйым салынған.
18. «Таблиғи Жамағат» «Таблиғи Жамағат» қозғалысының негізін 1926 жылы Үндістан азаматы Мухаммед Иляс Әл-Кандахлауи салып, 1944 жылға дейін оған басшылық еткен. Бұл қозғалыс радикалистігімен ерекшеленеді, атап айтқанда діни сенімнің кез келген басқа түрлеріне, исламның шииттік тармағына және оның синкретикалық пайымдауларына қарсы. Прогрестің қайсыбір түрін исламмен сиыспайды деп таниды және әйелдерді қоғамнан тыс ұстау қағидасын, ислам басқа діндерді ығыстырып шығуы керек деген фанатизм көзқарасын ұстанады. «Таблиғи Жамағат» өзінің жолын ұстаушылардан Аллаға шексіз берілуді, намаз оқуды, өз дініне сенгендерді құрметтеуді және исламға тарту үшін уағыздар жүргізуді талап етеді. Қозғалыстың идеологиясында экстремистік вахабистік-деобандийлік ілімге ұқсастықтар бар.
2013 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының Сарыарқа соты «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымын экстремистік ұйым ретінде тану және оның қызметіне Қазақстан аумағында тыйым салу жөнінде шешім қабылдады.
19) «Ат-такфируа-ль-хиджра» — («Діни сенімсіздікте айыптау және өз дінін құтқару үшін қашу») – Еуропалық Кеңес елдерінде, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттер қатарында тыйым салынған экстремисттік ұйым.
«Такфир валь-Хиджра» қозғалысының идеология маңызы ислам дінін ұстанушылар өзінің мемлекеті ретінде «кәпірлер мемлекеті» деп білуге әкеліп соғады, басқа аумақтарға және елдерге көшу, олардың ойларынша ол жерлерде шариаттық басқару бар, ол жерде әскери тәжірибеге ие болып, келешекте өз отанына джихадты кеңейту үшін қайтып келу. Қазіргі тәкфир жамағаты да пікірлерін қабыл алмаған немесе қабыл алып, жамағаттарына қосылмаған және сол жамағаттың имамдарына ермеген әрбір адамды, христиандарды және иудейлерді ғана емес, сонымен қатар басқа да мұсылмандарды кәпір санайды, нақақтан нақақ айыптайды. Ал, жамағаттарына кіріп, қайтадан тура жолға түскен мұсылманды «діннен қайтқан сатқын» деп кінәлайды. Тіпті, оны өлтіруге де болатындығын жасқанбай айтады.
2014 жылдың 18 тамызында Астана қаласының прокуратурасының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен «Ат-такфируаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп танылу және оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салыну туралы шешім қабылдады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДІНИ ҰЙЫМДАР ТІЗІМІ
Next Post