Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Geoscience & Exploration of Central Asia (GECA 2026) халықаралық геологиялық форумына қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
GECA 2026 форумы халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компаниялар өкілдерін біріктірді.
Геологиялық форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандарын келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, ел экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін геологиялық барлаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.