ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ҚИМЫЛ

0

🌾 ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ҚИМЫЛ
Қордай ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Биыл шегірткеге қарсы күрес шаралары облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылып, арнайы штабтар құрылған.
Аудан аумағында саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін 3000 гектар жер анықталды. Жалпы 9 мың гектар аумақ зерттеліп, экономикалық зияндылық шегінен асқан алқаптар белгіленген.
Бүгінде Бетқайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ, Степное, Ауқатты, Жамбыл, Қасық, Қордай және Масанчи ауылдық округтерінде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, биыл аудан бойынша итальяндық прусқа қарсы 10 940 гектар алқап өңделмек. Оның ішінде:
– әуе күшімен – 3000 га
– жерүсті техникаларымен – 3600 га
– аэрозоль инжекторларымен – 3540 га
– дрон арқылы – 800 га
Ал Марокко шегірткесіне қарсы 5825 гектар жер дәріленіп үлгерген.
Зиянкестердің таралуына қарсы жұмыстарды «Бағжан» ЖК, «Фитосанитария» РМК және «Dab Aira Service» компаниясы жүзеге асыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.