Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

0

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне жүргізілген тереңдетілген шолу нәтижелері бойынша қорытынды есепті жариялады. ЭЫДҰ сарапшыларының бағалауына сәйкес, «қарастырылған бағыттардың басым көпшілігінде Қазақстанның ресми статистикасы Ұйымның озық саясаты мен практикасына толықтай дерлік сәйкес келеді».

Бағалау ресми статистиканың сапасының негізгі параметрлері – дәлдік пен шынайылық, үйлесімділік, халықаралық стандарттарға сәйкестік, деректердің қамтылуы мен өзектілігі, уақтылылығы, қолжетімділігі және түсіндірілуі бойынша жүргізілді

Leave A Reply

Your email address will not be published.