2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5%-ға ұлғайып, 7 812,3 млрд теңгені құрады. Өсім ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 14,7%-ға артуына байланысты болды. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде жеке құрылыс ұйымдарының үлесі 89%, шетелдік ұйымдардың үлесі 10,3%, мемлекеттік ұйымдардың үлесі 0,7% құрады.
Есепті мерзімде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (25%), тұрғын емес ғимараттар (21,5%) және тұрғын үйлердің (12,6%) құрылысы алады.
Өңірлік бөліністе республиканың 17 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады.