Қазақстанда Республика күні қарсаңында Republic Day және Bereke Fest акцияларын қамтитын жалпыұлттық мерекелік жеңілдіктер науқаны басталды.

0

Оған 17 қазаннан еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды. Republic Day акциясы ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда кешендерінде өтсе, Bereke Fest сауда желілерін қамтиды.

Тұтынушылар үшін азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға арнайы бағалар қойылған. Мерекелік ұсыныстар 27 қазанға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Жалпы жеңілдік мөлшері тауар ассортименті мен акцияға қатысушы сауда ұйымдарының шарттарына байланысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.