Қазіргі таңда Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қосылды. Ал Bereke Fest акциясына 417 сауда желісі қатысуда.
Акцияларға дайындық алдын ала басталды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық департаменттермен бірлесіп, сауда ұйымдарымен үйлестіру жұмыстарын жүргізді, ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, қатысушылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етті.