ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНДАРЫ ЖАСАЛУЫ МҮМКІН

0

Мемлекет басшысы Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет
басшысына швейцариялық Stadler Rail AG компаниясының вагон жасау зауытын жаңғырту, Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклын жолға қою жоспары туралы мәлімет берілді.
Петер Шпулер 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспары туралы айтты. Сонымен қатар олар өндірістік білім мен сарапшылық құзыреттерді үйрету мәселелерін қарастырды.
Компания қазақстандық жастарға арналған оқу орталықтарын ұйымдастыруды, сондай-ақ отандық колледждермен және университеттермен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.
Президент бірлескен жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.