Қазақстандық AgriTech компаниясы халықаралық нарыққа шықты

0
«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан жері мен қозғалыс бағытын қадағалайды, виртуалды географиялық аймақтар белгілеп, мал ұрлануы мен жоғалу қаупін азайтуға, сондай-ақ жануарлардың автожолдарға және егістік алқаптарға шығып кетуіне жол бермеуге ықпал етеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бүгінде компанияның қызметін 3 800-ден астам клиент пайдаланады. Ал спутниктік бақылау жүйесіне 130 мыңнан астам жылқы қосылған. Сонымен қатар бұл шешім ірі қара мал мен өзге де жануарларды бақылау үшін қолданылады.

8 жыл сегіз ішінде компания шетелдік құралдарды пайдаланудан бас тартып, жайылымдық мал шаруашылығының ерекшеліктеріне бейімделген GPS-құрылғылар мен бағдарламалық өнімді өз күшімен әзірлеуге көшті.

Биыл компания спутниктік трекер мен биосенсорларды біріктіретін жаңартылған шешімін таныстырды. Жүйе бір мезгілде он жануарға дейін бақылап, олардың дене температурасын және қозғалыс белсенділігін тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл малдың жай-күйін бақылауды едәуір кеңейтеді.

Компания халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытып келеді. Отандық өнімге Орталық Азия елдері де қызығушылық танытуда. Болашағы зор нарықтардың қатарында Аргентина мен Австралия бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.