Келісім аясында Оңтүстік Корея тарапы жобаға жан-жақты консультациялық және сараптамалық қолдау көрсетеді. Ынтымақтастықта Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсібі дамыған негізгі өңірлерінің бірі — Чолла-Пукто провинциясының тәжірибесіне басымдық беріледі. Мемлекеттік Foodpolis азық-түлік кластері де осы өңірде орналасқан. Мұнда әлемнің жетекші және кореялық азық-түлік өндірушілерінің өндірістік нысандары, ғылыми-зерттеу зертханалары мен инновациялық орталықтары шоғырланған.