Қазақтың әр өнері киелі

0

Көңілім кейін кетпей сүйеді жыр,
Биікте асқақтайды үнемі біл,
Жүректің сырын көпке паш ететін,
Қазақтың әр өнері киелі бұл.
Тіл жетпес туындылар бейнелейді,
Әнші де сызылтады кең көмейлі,
Шексіздік өнер деген өрісі мол,
Жырдың да шумақтарын тергемейді.
Жанымды жадыратар өнер ғана,
Еркіндік, әсемдікке енер дала,
Суретші суреттесе табиғатын,
Жасайды қол өнерді шебер ғана.
Өнердің құдіреті құба шыңда,
Тел келмес татымы жоқ мың асылға,
Енесің бір әлемге өлшемі жоқ,
Өнердің кереметін ұғасың да.

Ақтоты МҰҚАШЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.