23 маусым күні Аlmaty Arena-дa Қазақстанның «Naiza» және Ресейдің «Ural FC» промоушендерінің бірлесе ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Аталмыш турнирде бақ сынаған жерлесіміз Қазбек Сағын кештің маңызды жекпе-жегіне шығып, Naiza-ның супер жеңіл салмақтағы чемпионы атағын жеңіп алды.
Турнирде ММА және кикбоксинг ережелері бойынша барлығы 12 жекпе-жек өтіп, онда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Англия, Оңтүстік Корея және Словения спортшылары қатысып, кім мықтыны анықтаған болатын. Қоян-қолтық ұрыс үш дүркін Әлем чемпионы Қазыбек Сағынның бұл жолғы қарсыласы Бағдат Жұбаныш болды. Ақтөбе облысының тумасы MMA бойынша үш дүркін әлем чемпионы. Қазақтың қос саңлағы шаршы алаңда супер жеңіл салмақтың (53 келі) алтын белбеуі үшін таласты. Осыдан бірнеше жыл бұрын олар әуесқойлар арасындағы жарыстың бірінде күш сынасқан еді. Ол кезде Жұбаныш төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл жолғы жекпе-жек жоспарланған бес раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Қазбек Сағынның жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, «DAR Team» кәсіби клубының жауынгері, қордайлық Қазбек Сағын 2015, 2017, 2018 жылдары панкратионнан Президент кубогінің иегері. 2014 жылы Түркия қаласында өткен Панкратионнан Әлем чемпионы. 2015 жылы Мәскеуде өткен жекпе жек сайысы спорт түрінен күміс жүлдегер атанса, 2017 жылы аталмыш турнирдің жеңімпазы атанған. 2018 жылы Кишиневта өткен қоян-қолтық жекпе-жектен Дүниежүзілік Кубок иегері. 2019 жылдың маусым айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен қоян-қолтық жекпе-жектен әлем чемпионатында 55 салмақ дәрежесінде жеңімпаз болып, әлем чемпионы белбеуіне ие болған. Қазақстанның панкратионан төрт дүркін чемпионы. Қоян-қолтық жекпе-жектен түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, панкратионнан халықаралық дәрежедегі, самбодан әмбебап жекпе-жек түрінен спорт шебері. Жерлесімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз!