Гвардейский қалашығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шара аудан тұрғындарына қолжетімді бағамен табиғи өнімдерді ұсыну және жергілікті шаруалардың еңбегін қолдау мақсатында өтті.
Жәрмеңкеде тұрғындарға қой, сиыр, жылқы еті, қымыз, сүт өнімдері, бал, жұмыртқа, жеміс-жидек, көкөністер, сондай-ақ шұжық өнімдері нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынылды.
Ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері өз тауарларын ұсыну арқылы тұрғындарға сапалы және экологиялық таза өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін жасады.