Қордай әкімі Бегзат Болатбеков референдумда өз таңдауын жасады

0

Қордай әкімі Бегзат Болатбеков жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Аудан басшысы Қордай ауылы аудандық Мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Өңір басшысы бұл референдумның Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды тарихи қадам екенін ерекше атап өтті.
-Бүгін азамат ретінде конституциялық құқығымды пайдаланып, жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан референдумға қатыстым. Мен Қазақстанның тұрақты дамуы, өркендеуі мен жарқын болашағы үшін дауыс бердім, – деді Бегзат Сейсенқұлұлы.
Айта кетейік, дауыс беру заңнама талаптарына сәйкес өтуде және сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Қорытындылар учаскелер жұмысы аяқталғаннан кейін шығарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.