«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы № 6/10 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» сәйкес Жамбыл облысы, Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 242, телефон: 8(72636)4-52-57
Комиссия төрағасы – Сырлыбаев Асылбек Туреханович;
Төрағаның орынбасары – Күмекбай Эльдар Сабитұлы;
Хатшысы – Ниязгулова Гайни Рахатовна;
Комиссия мүшелері: Дадабаева Жанат Сабитовна;
Токтогулов Ердос Омирбекович;
Балаубеков Асан Сарсенбекович;
Маженова Женискуль Нурлановна.
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.
Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясы