Бүгін Қордай ауданы әкімдігінде аудан активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудан басшысы орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, аудандық мәслихат депуттары, ауылдық окріг әкімдер, ардагерлер мен жастар қатысты.
Жиынды ашқан Бекзат Сейсенқұлұлы баршаны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуімен құттықтап, бұл — еліміздің жаңа даму кезеңін айқындайтын, мемлекеттілігіміздің келешек бағытын белгілейтін, ұлттық құқықтық жүйенің жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін білдіретін тарихи белес екенін айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтетіндігі туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы еске салды.
Бекзат Болатбеков өз сөзінде жиынға қатысушыларға ел тарихындағы елеулі оқиға – бір палаталы Құрылтай сайлауына белсене атсалысасыздар деген сенімін білдіріп, Президентіміз жаңа Конституция аясында еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын бес стратегиялық басымдықты белгілегені туралы сөз етіп, әрқайсына жеке тоқталып өтті.
«Осы бес бағыттың әрқайсысы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды өңірлік саясаттың негізгі бағыты ретінде қабылдауымыз қажет. Бірінші кезекте, заңның үстемдігі мен әділдікті қамтамасыз ету – барлық мемлекеттік орган қызметінің басты қағидатына айналуға тиіс. Екіншіден, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет. Үшіншіден, Су ресурстарын тиімді пайдалану, ирригациялық жүйелерді жаңғырту, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы тиіс. Төртіншіден, цифрландыру барлық салада нақты нәтиже беріп, мемлекеттік қызмет азаматтарға қолжетімді, ашық әрі тиімді болуы қажет. Бесіншіден, адам капиталына салынатын инвестицияны күшейтуіміз қажет», деген Бекзат Сейсенқұлұлы.аудан әкімінің орынбасарларына өздері жетекшілік ететін салалар бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарының нақты белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жиын барысында еліміздегі орын алып жатқан елеулі саяси оқиғалардың жалпы Қазақстан халқына берері турасында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұрдан Молдабеков пен «Отечество» орыс этно-мәдени орталығының жетекшісі Людмила Харченко сөз сөйледі. Жиын соңында аудан әкімі ауданның басшылық құрамында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алғанын айтып, жаңадан сайланған Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұлды, Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Айдын Байбековты, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып Болат Амиралиевты, Қордай ауданы білім бөлімінің басшысы болып Ғалым Алимжановты, Қордай аудандық орталық аурухананың бас дәрігері болып Эльдар Апаевты, Қордай ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Сейтқали Солтанайды, Қордай ауданы әкімінің кеңесшісі Рашид Алыбаевты таныстырып өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Жаңа Конституция бізге тек құқықтар ғана емес, ең алдымен үлкен жауапкершілік жүктейді.Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» жалпыұлттық бастамалары жүйелі түрде іске асырылып келеді.Аталған бастамалардың барлығы жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттардың нақты өмірдегі көрінісі болуы тиіс. Сондықтан ауданның әрбір бөлім басшысы, әрбір ауылдық округ әкімі және әрбір мемлекеттік мекеме басшысы өз қызметінде заң талаптарының бұлжытпай орындалуын, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын, халық алдындағы есептілікті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз етуге міндетті», деп сөзін қорытындылады аудан әкімі.