ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

0

ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

2023 жылы «09»  тамыз                         №16

 

Қордай ауданының Қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 17 қыркүйекке Қордай ауданының қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 17 қыркүйекке Қордай ауданының қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

Комиссия төрағасы                              А.Сырлыбаев

Комиссия хатшысы                                 Г.Абишева

 

 

ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

2023 жылы «09»  тамыз                         №17               

 

Қордай ауданының қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                    4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданының қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру:

1) Қасық ауылдық округі әкімі – Қасық ауылдық округі шекарасындағы Қасық сайлау округі;

2) Кенен ауылдық округі әкімі – Кенен ауылдық округі шекарасындағы Кенен сайлау округі;

3) Отар ауылдық округі әкімі – Отар ауылдық округі шекарасындағы Отар сайлау округі;

4) Степной ауылдық округі әкімі – Степной ауылдық округі шекарасындағы Степной сайлау округі.

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

 

Комиссия төрағасы                              А.Сырлыбаев

Комиссия хатшысы                                 Г.Абишева

 

Ауқатты ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 6 тамызда Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округі әкімін сайлау өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қордай ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы сайлау қорытындыларын анықтады:

Ауқатты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4981 азамат енгізілді, оның ішінде 3412 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бедельбаев Р.Б. – 242; Жәнетұлы Б. –  297; Иенберген А.Б. – 2861.

Ауқатты ауылдық округінің әкімі болып Иенберген Алмас Білімұлы сайланды. Ол 1994 жылы туылған, Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшісінің басшысы, Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 07 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 06 тамызда сайланған Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Қордай аудандық сайлау комиссиясы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.