ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ЕСКЕРТЕДІ

0

Балалар жарақатының, сонымен қатар балалардың мопед, скутер, велосипед, самокат басқару кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуының алдын алу мақсатында

Мопед, скутер, велосипед – қолжетімді, ыңғайлы қатынас құралдары болып табылады, сондықтан үлкен сұранысқа ие. Аталмыш көлік құралдарын қолданушылар саны күн сайын артуда. Әрине, бұл көлік құралдарының автокөліктен немесе мотоциклдан айырмашылықтары бар, дегенмен жол қозғалысы ережелерін сақтау олар үшін де маңызды. Оған қоса мопед, скутер, велосипедтердің маневрлілігі мен жылдамдығы аз, қақтығыстардан қорғау құрылғылары жоқ, жолда қорғансыз болып табылады. Сондықтан, мопед те, скутер де, велосипед те барлық жол қозғалысы қатысушылары үшін қатерлі қауіп көзі болып табылады. Мопед пен скутер үшін келесі ережелерді білген абзал:
-Мопед немесе скутер сынды көлік құралын А1 санатымен көлік құралын басқару құқығы бар 16 жасқа толған тұлға басқара алады.
-Мопед, скутер немесе велосипедпен жолға шыққан кезде жолдың ортасына шығуға болмайды. Жол қозғалысы ережесіне сай (ҚР ЖҚЕ) мұндай көлік құралдары жолдың жиегімен немесе жолдың жүретін бөлігінің сыртқы жағымен жүруге міндетті.
-Мопедпен немесе скутермен жүрген кезде күндізгі уақытта да фараның жақын жарығы жанып тұру керек.
-Көлік құралымен жүрген кезде жүргізуші де, жолаушы да мотошлемде болу керек.
-Көлік құралының рулін екі қолмен ұстау керек.
-Жолаушы ретінде бірден артық адам алуға болмайды.
Жол қозғалысы ережесі бойынша автокөлік жолдарының жүретін бөліктерінің шеңберінде велосипедті 14 жастан, мопедті 16 жастан басқаруға рұқсат беріледі.
Жолда қозғалу кезінде ҚР Жол қозғалысы ережесі велосипед, скутер, мопед жүргізушілеріне де қатысты. Көлік құралдарында жолаушыларды берік баспалдақ бар болған жағдайда ғана тасуға болады, 7 жастан төмен балаларды қоспағанда. Жүк тасымалдағанда габарит ережелерін сақтау қажет – ұзындығы және ені бойынша көлік құралының габаритынан 0,5 м артық емес.
Көлік құралдарын басқару кезінде ҚР Жол қозғалысы ережелерін сақтамау апатты жағдайға әкеп соғуы мүмкін.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨЗ ҚОЛДАРЫҢЫЗДА!

Leave A Reply

Your email address will not be published.