Қордай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылдық елді мекендердегі жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы ретте Сортөбе ауылында тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген ішкі көшелердің жағдайын жақсарту мақсатында М.Масанчи, А.Пушкин және екі көшенің кіреберіс бөліктеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Нәтижесінде аталған көшелердегі көлік қозғалысының қолайлылығы артып, тұрғындардың қауіпсіз қатынауына жағдай жасалды.
Жаңартылған жолдар ауылдың келбетін жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал етуде.
Алдағы уақытта да аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес елді мекендердің жол инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және көлік қатынасының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.