2026 жылғы 29 маусымда Таиланд Корольдігінің Паттайя қаласында еркін күрестен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті.
Аталған дүбірлі додада Қордай ауданының Бетқайнар ауылының тумасы, №17 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Наиль Зейналов Қазақстан Республикасының намысын қорғап, 68 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Бұл жетістік Қордай ауданының спорт тарихындағы айтулы оқиға саналады. Азия чемпионатының күміс жүлдесі – ауданымыздағы еркін күрес спортында 2000 жылдан бергі алғашқы ірі халықаралық жетістік.