2024 жылғы 15 сәуірінде Қордай ауданы Алға және Қарасу ауылдық округтері әкіміне кандидаттарымен және олардың сенім білдірілген адамдарымен кездесу өткізілді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34, 35, 36 баптарына түсініктеме берді.
Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс.
Бұл кездесуде мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні атап өтілді және үгіт-насихат шараларын өткізуге бөлінген қаражатты пайдалану тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар, Қордай аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Э.Күмекбай үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні байқаушылардың және сенім білдірілген адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы