Үздік футболшылар марапатталды

0

Ауданымызда жасөспірімдер арасында шағын футболдан тұңғыш рет Қордай ауданының чемпионаты өтіп, жақында ақтық кездесулер ойналып, турнир мәресіне жетті. Чемпионатқа алты команда қатысып, олар екі жас санаттары бойынша – 2013 жылғылар және 2014-2015 жылғы балақайлар болып кім мықтыны анықтады.

2024 жылдың 17 наурыз күні бастау алған шағын футболдан Қордай ауданы чемпионатында теңбіл доп шеберлері 1 ай бойы өнер көрсетті. Осылайша 15 сәуір күні Қордай аудандық Мәдениет үйінде аталған чемпионаттың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінде ең алдымен футзал лигасына белсене қатысқан командаларға турнир демеушілері «СДДиА» стомотология орталығы және «ТехноГрад» сауда үйінің өкілдері бір тор доп сыйлады. Осыдан кейін арнайы шақырылған ардагер спортшы, Қырғызстан  Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владимир Орешин және ардагер футболшы, Қордайдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Ерсін Ақпаев үздік номинация бойынша спортшыларды марапаттады.

Сонымен қатар, үздіктерге аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев, спорт жанашыры Әлімтай Молдасейітов және Ерлібек Зикеев диплом медаль, кубоктарды табыстады.

Жарыс нәтижесіне тоқталсақ, 2013 жылғылар арасында 1 орынды – Қаракемер, 2 орынды — ФК Қордай, 3 орынды – Кенен командасы жеңіп алды. Жекелей номинациялар бойынша: «Үздік қорғаушы» Жеңіс Айтөре, Кенен ауылы; «Үздік қақпашы» Жұмағали Нұрали, Қаракемер ауылы; «Үздік ойыншы» Усербай Амирсаид, Қордай ауылы; «Үздік шабуылшы» номинациясымен: 1 орынды  Байти Мадияр (17 гол), 2 орынды Касимов Хасан (16 гол),  3 орынды  Ердос Амир (13 гол) иеленді. «Көрермен көзайымы» номинациясымен Сәрсенбай Нұрасыл, (18 БЖСМ), Атабек Ансар (Кенен), Амангелді Мұрагер (Қаракемер), Қабылбек Нурислам және Айтбай Мансур (Кенен) марапатталды.

Ал, 2014-2015 жылғылар  арасында 1 орын – ФК Қордай, 2 орын – Ауқатты және 3 орын – Гвардейск командасына бұйырды. Жекелей номинациялар бойынша: Қалдыбай Нұралы – «Үздік қорғаушы»,  Марат Арсен   – «Үздік қақпашы», Бесен Ерсұлтан –  «Үздік ойыншы» атанды.  «Үздік шабуылшы» номинациясымен: 1 орынды — Болат Арген (17 гол),  2 орынды — Сағатбек Әмірхан (15 гол), 3 орынды — Малик Алинур ( 10 гол), 3 орынды — Есенгелді Бексұлтан (10 гол) марапатталды. Жарыс ұйымдастырушылары осы турнир алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өтетін болады, деп жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.