Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Е-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, санаты Е-R-1, 1 бірлік, № 02-05, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 354 069 теңгеден бастап 406 714 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне басшылық етеді. Бөлім жұмыстарын ұйымдастырады, бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөледі, бөлімге жүктелген міндеттерін толыққанды жауапкершілігіне алады. Қазақстан Республикасы Заңдарын орындау, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және қатысты сұрақтар бойынша жоғары тұрған мекемелер актілерінің орындалуын басшылыққа алады. Қатысты сұрақтар бойынша аудан әкімінің актілерінің орындалуын басшылыққа алады. Ауданның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымын дайындық жұмыстарын ұйымдастыру. Комиссияның тұрақты жұмысы үшін аудан әкімінің өкіміне сәйкес жылыту маусымын оқыс оқиғаларсыз өткізуін қадағалау. Елді мекендерді шаруашылық – ауыз сумен жабдықтау үшін іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау. Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, оның ішінде: құрылыс, жобалау құжаттарын әзірлеу және ауыз суға қатысты басқа да мәселелер бойынша жұмыстарды бақылау. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау. Ауылдық округтер әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру және бақылау жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету. Коммуналдық тұрғын үй мәселелері бойынша заңнамаларда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру. Бөлімге қарасты мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы қөрсетуді бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану немесе автоматтандыру және басқару, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), көлік құрылысы, инженерлік жүйелер және желілер немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасындағы «Жол жүрісі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, санаты Е-R-1, 1 бірлік, № 02-06, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 354 069 теңгеден бастап 406 714 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау сұрақтарымен айналысады, әлеуметтік қорғау саласы бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруы бойынша жұмыс жасайды. Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты, бақылауды жүзеге асырады. Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласы бойынша барлық субъектілерімен жоғарғы органдардан түскен заңнамалық актілердің орындалуын қадағалайды. Меншік түріне қарамастан, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіпорындардың жұмысын үйлестіреді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар немесе бизнес немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе басқару және құқық саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, дефектология немесе халықаралық қатынастар, әлеуметтану, психология, қоғамдық байланыс немесе экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану немесе денсаулық сақтау (жалпы) немесе логистика, әлеуметтік жұмыс.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, санаты Е-R-1, 1 бірлік, № 02-09, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 354 069 теңгеден бастап 406 714 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына басшылық жасайды. Бөлім қызметкерлерінің жұмысын негіздейді, бақылайды, жоспарлайды және ұйымдастырады. Ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақстын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау. Мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөніндегі ұсыныстар дайындау. Ауданда жер қатынастарын реттеу қызметін үйлестіреді, мемлекеттік мекеме ретінде азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға қатысады. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту. Қолданыстағы жер заңнамалары шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау. Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізеді. Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастырады. Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе инженерлік жүйелер және желілер, жерге орналастыру, кадастр, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) немесе жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, аграрлық техника және технология.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Жер», «Су», «Орман», «Еңбек» және «Бюджет» кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік, № 01-11-02 ( 2023 жылдың 15 қарашасынан 2024 жылдың 30 маусымы аралығында негізгі қызметкердің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша магистратурада оқу мерзімінде), (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).*
Функционалдық міндеттері: Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастыру, кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды орындау жұмыстарын жүргізу. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі жұмыстарының тиянақты орындалуын, яғни мемлекеттік қызметшілер мен жұмыскерлер туралы жеке іс-қағаздарының, оларға қатысты кадрлық жай-күйлердің мерзімінде енгізілуін қамтамасыз ету. «Е-қызмет» жүйесінде мемлекеттік органдар қызметінің белсенділігінің (мемлекеттік органдардың автоматтандырылған тәртіпте өңделетін құжаттар саны, бір қызметкерге орташа есеппен алғанда) – 10 құжатты құрауын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінің жеке іс қағаздарын жүргізу. Аудан әкімі аппаратының келісім шартпен жұмыс атқаратын қызметкерлерінің іссапарлар және еңбек демалыстары туралы өкімдердің, бұйрықтардың жобаларын дайындау. Аудан әкімі аппаратының келісім шартпен жұмыс атқаратын қызметкерлерінің қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізу, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасау және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Еңбек заңнамасына, ережелерге, басшылықтың өкімдері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша белгіленген басқа құжаттамаға сәйкес аудан әкімі аппаратының келісім шартпен жұмыс атқаратын қызметкерлерінің жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және жұмыстан босатуды рәсімдеу. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының және оларға қосымша парақтардың есебін жүргізу. Еңбек кітапшаларын және оларға қосымша парақтарды қабылдау және беруді тіркеуді жүргізу. Басқа мекемелерге ұсыну үшін қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру. Қызметкердің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат дайындайды, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалау. Кадрлар қозғалысын және олардың тұрақтамау себептерін зерделеуге, оны азайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Ай сайынғы тоқсандың, жылдық және статистикалық есептерін уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және жұмыс барысында ескеру. Ұялы байланыс құрылғыларын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі — МО БКО), жергілікті атқарушы органдардың желісіне, МО БКО құрамына кіретін техникалық құралдарға қосылуына жол бермеу туралы талапты орындау. Аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігі бөлімдерінің, қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерін аттестациялауды ұйымдастыру. Статистикалық есептердің уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін есептеу комиссияның жұмысын жүргізу. Бөлімше басшысының қызметтік тапсырмаларын орындау. Жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округтер әкімдері аппараттарындағы кадрлармен жұмысты зерделеп, жинақтап қорытындылап және оңды жұмыс тәжірибесін таратып, оның түрлері мен әдістерін енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарының орындалуын уақытылы қамтамасыз ету. Бөлімде бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жұмыстарды атқару. Аудан әкімінің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының, бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану немесе халықаралық қатынастар немесе экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, халықаралық құқық немесе ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын және функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік, № 01-11-03 (2023 жылдың 15 қарашасынан 2023 жылдың 2024 жылдың 15 наурызы аралығында негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы мерзімінде), (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).*
Функционалдық міндеттері: Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастыру, кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды орындау жұмыстарын жүргізу. Қордай ауданы әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің әскери міндеттілерінің,әскер қатарына шақырылғандарының және запастағы офицерлерінің әскери есебін жүргізу мен броньдау (бекітіп қою) жұмыстарын орындау. Қордай ауданы әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің әскери есебін жүргізу. Номенклатураға сәйкес аудан әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің оқыту, оның ішінде олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша жұмыстарды жүргізу. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізу. Аудан әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді арнайы тексеруден өткізу үшін құжаттар дайындау. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне аппараттың мемлекеттік қызметшілері бойынша сұраныс жолдау. Аудан әкімі аппараты мен аудан әкімдігінің бөлімдерінің мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінің жеке іс қағаздарын жүргізу. Мемлекеттік наградалар бойынша, оның ішінде көп балалы аналардың құжаттарын дайындау. Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттауды ұйымдастыру. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және жұмыс барысында ескеру. Ұялы байланыс құрылғыларын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, жергілікті атқарушы органдардың желісіне, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының құрамына кіретін техникалық құралдарға қосылуына жол бермеу туралы талапты орындау. Аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігі бөлімдерінің, қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің қызметтерiн бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткен құжаттарды мұрағатқа сақтауға өткізуге дайындау. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарындағы тәртіп пен тазалықты ретке келтіруді бақылауда ұстау. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің жылдық еңбек демалысына шығу графигін жасау және қызметкерлердің туылған күндерінің мерзімінде аталып өтуін қадағалау. Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткен құжаттарды мұрағатқа сақтауға өткізуге дайындау. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарындағы тәртіп пен тазалықты ретке келтіруді бақылауда ұстау. Бөлімше басшысының қызметтік тапсырмаларын орындау.Жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Аудан әкімдігі бөлімдеріндегі кадрлармен жұмысты зерделеп, жинақтап қорытындылап және оңды жұмыс тәжірибесін таратып, оның түрлері мен әдістерін енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарының орындалуын уақытылы қамтамасыз ету. Бөлімде бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жұмыстарды атқару. Аудан әкімінің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының, бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану немесе халықаралық қатынастар немесе экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, халықаралық құқық немесе ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын және функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-03 ( 2023 жылдың 16 қазанынан 2023 жылдың 2024 жылдың 19 ақпаны аралығында негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы кезінде), (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).*
Функционалдық міндеттері: Бөлімдегі іс-қағаздардың нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуін бақылайды.Іс жүргізу, ақпараттық жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, номенклатуралық істерді жүргізеді, біліктілігін көтеру бойынша өкілетті және атқарушы органдардың мемлекеттік тілде бекітуге ұсынылатын нормативтік актілерді рәсімдеу және арыз-шағым бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету.1-ЕUOL бағдарламасының жүргізілуін қадағалау. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.Архивке қатысты құжаттардың жүргізілуіне жауапты.Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, бұқаралық ақпарат құралдарына сараптамалық шолу, басылымдар жарияланымдарына контент-талдау жасау және бағдарламаларға мониторинг жүргізеді, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, қоғамдық кеңес және бас редакторлар отырыстарын ұйымдастырады, аудандық басылымдарда мемлекеттік тапсырыс бойынша шығатын мақалалардың тізімін әзірлейді, материялдардың шығуын қамтамасыз ету, бөлімнің құзыретіне қатысты хаттарды, өтініштерді, заңды және жеке тұлғалардың арыз шағымдарын қарайды, бекітілген медиа жоспардың орындалуын бақылауда ұстайды, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік сатып алулар конкурстарын өткізеді. І-ІІ жарты жылдықта мерзімдік басылымдарға жазылуды бақылайды. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық Ақпарат құралдары» туралы Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Облыс әкімі мен облыс әкімдігінің басқармалары тарапынан бекітілген индикаторлар мен келісімдердің орындалуын жүзеге асырады, қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Тарих-дінтану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі немесе философия, дінтану, шығыстану, теология, түркітану, исламтану, филология, шетел филологиясы немесе саясаттану немесе экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктері туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-10, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылшаруашылық саласы бойынша барлық жұмыстарды ұйымдастыру.Егін орағының барысы туралы жұмыстарын зерделеу. Мал азығын дайындау жоспарының орындалуын бақылау, Асыл тұқымды мал шаруашылығының ет, сүт, жүн өндіруді дамыту. Ауылдық тұтыну кооперативтерінің жұмысын зерделеп, анықтау.Ауылдық округтегі мал санын анықтауды зерделеу жұмыстарын жүгізу, ауылдық округте бірдейлендіру жұмыстарын қадағалау.Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.Екпе алу бойынша жұмыстарды жүргізу, есептер тапсыру.Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, дамыту жұмыстарын жүргізеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу.АПК мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тізілімін жүргізеді, жер және жер қойнауы туралы заңнаманың сақталуын бақылайды.Ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар енгізеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша ұсыныстар енгізуді бақылайды.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-11, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілерінің есебін жүргізеді. Әскери қызмет жалпы әскери міндеттілік шақырудың 1 бөлімшесінің сұрақтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Шақырылым бойынша жоспарды орындап, мониторинг пен талдау жүргізеді. Әскери шақыру науқаны бойынша құқық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметімен бірлесіп өзара қарым-қатынас жұмыстарын үйлестіреді. Жолдар және жол белгілері бойынша жұмыстарын жүргізеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүргізеді. Ағаш кесу бойынша жұмыстарын жүргізеді. Газ, су, свет, жарықтандыру бойынша (бағдаршамдарды қосқанда) жұмыстарын жүргізеді. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Ауылдық округтегі ескерткіштердің жағдайын бақылайды.Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды және қысқы кезенде көшелерді қардан тазалауды ұйымдастыру. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-08, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу.Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес шаруашылық және қаржы қызметін есепке алуды ұйымдастыруға жауапты. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, кіретін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына, өндіріс пен бөлу шығындарының есебіне, шығындар сметасын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуына байланысты бухгалтерлік операциялардың шоттарын уақытылы көрсетуге, қаржылық нәтижелер, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялардың жүргізілуіне жауапты. Қаражаттың кірісі мен жұмсалуы, бюджеттің, өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептің пайдаланылуы туралы бухгалтерлік баланс пен жедел жиынтық есептердің дайындалуын, белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу.Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына сәйкес шаруашылық және қаржы қызметін есепке алуды ұйымдастыруға жауапты. Материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік меншіктің сақталуына жауапты. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, кіретін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына, өндіріс пен бөлу шығындарының есебіне, шығындар сметасын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуына байланысты бухгалтерлік операциялардың шоттарын уақытылы көрсетуге, қаржылық нәтижелер, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және несиелік операциялардың жүргізілуіне жауапты. Қаражаттың кірісі мен жұмсалуы, бюджеттің, өзге де бухгалтерлік және статистикалық есептің пайдаланылуы туралы бухгалтерлік баланс пен жедел жиынтық есептердің дайындалуын, белгіленген тәртіпте тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар
тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.