БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Ақмаржан» МКҚК балалар бақшасына 1 бірлік тәрбиеші (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты, еңбек демалысы мерзіміне) 1 бірлік логопед. Лауазымына конкурс жарияланады.  Қордай ауданы, Қордай ауылы, Заводская көшесі 14. Тел. 8 726 36 4-65-84 факс: 8 726 36 4-69-58.  E-mail: akmarjan04@mail.ru

Кәсіпорындағы бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеудің негізгі талаптары мыналар болып табылады:

1) Тәрбиеші бейіні бойынша жоғары немесе арнайы орта білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;

2) «Логопед» мамандануы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе логопедия мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі «Ақмаржан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балабақшасына (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты, еңбек демалысы мерзіміне) 1 бірлік тәрбиеші лауазымы.

Лауазымдық міндетті:

— Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады.

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б. жетекшілік етеді.

— Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды.

— Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

— Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

— Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

— Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

— Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

— Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді.

— Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.

— Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті жақсы меңгереді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді, жеке санитария мен гигиенаны, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогика негіздерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелерді.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің «Ақмаржан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балабақшасына 1 бірлік логопед лауазымы

Лауазымдық міндеттері:

— Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық,физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.

— Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға анайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.

— Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып, тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.

— Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммунакиялық құзіреттілікті меңгеруі тиіс.

— Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.

— Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білім туралы» ҚР заңы, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелері және санитариялық қағидаларды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.