ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-G-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік, № 01-10-03, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппаратында дайындалатын құжаттардың ҚР Заңдарына сәйкестігін қамтамасыз ету, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдігі қаулыларының заңдылығына жауапты және тіркеуге жататын нормативтік құжаттарды сараптамадан өткізу және Әділет органына тіркеуге ұсыну. ҚР сот мекемелерінде аудан әкімдігінің, аудан әкімінің, оның аппаратының өкілі болу. Аудандағы құқық бұзушылықтың және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссия отырысына құжаттар әзірлеп дайындау, комиссияның хатшысы міндетін атқару және белгіленген іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімдері шығарған шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары шығарған бұйрықтардың заңдылығына, дұрыс рәсімделгеніне бақылау жасау. Құқықтық сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлеріне кеңес беру.  Айналысатын мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау. Ауданнан таңдалатын алқабике кандидаттарының тізімін жасайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есептерін қалыптастыруға және ұсынуға жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік, № 01-12-02, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарының жұмысын жүргізеді, ұйымдастырады және бақылайды, олардың уақтылы тіркелуін ұйымдастырады және бақылайды. ҚР Президенті Әкімшілігінен, Парламенттен, Үкіметтен, басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардан түскен өтініш-арыздарының белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді, орындайды. Тіркелген өтініштерді мазмұнына қарай сараптама жасайды және қарауға, өз салалары бойынша, аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына қажет болған жағдайда орындаушыларға (аппараттың бөлімше, әкімдік құрылымдарының басшыларына) жіберуді ұйымдастырады. Өтініштерді басшылар қарағаннан кейін, олардың бұрыштамаларына сәйкес орындаушыларға жіберілуін, шығыс хаттардың дұрыс рәсімделуін, уақтылы жіберілуін ұйымдастырады. Бақылау картотекасын жүргізеді, бақылауға алынған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жүзеге асырады және құжаттың бақылаудан алынуын рәсімдейді. Басшылармен бақылауға қойылған құжаттардың көрсетілген мерзімінде орындалуын бақылайды, осы құжаттардың орындалу мерзімі жақындаған жағдайда орындаушыларға ескерту жібереді. Бақылауда тұрған құжаттардың орындалу мерзімі бұзылған жағдайда оның себебін анықтап, мерзімін бұзған лауазым иесіне шара қолдану жөніндегі қызметтік хаттың жобасын дайындап, ол туралы бөлім басшысына хабарлайды. Бақылауда тұрған өтініш–арыздарға берілетін жауапты белгілі себептермен мерзімінде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, орындау мерзімін ұзарту жөнінде бақылауға қойған мемлекеттік органның немесе лауазым иесінің келісімін алу жұмысын ұйымдастырады. Бақылауда тұрған өтініш–арыздарға жинақ папкаларын арнайды, онда құжаттардың орындалуы туралы және қажетті мәліметтерді жинақтайды. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдауларын ұйымдастырады, тоқсан сайын азаматтарды қабылдау кестесін және қабылданған азаматтар туралы деректерді дайындайды. Жеке мәселелермен қабылданған азаматтардың сұрақтары бойынша аудан әкімімен орынбасарлардың хаттамалық тапсырмаларын әзірлейді, орындалуын қамтамасыз етеді. Тоқсан сайын аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау кестесін аудан әкімінің веб-сайтына орналастыруды іске асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарын апта, ай және тоқсан сайын сараптап талдайды. Аудан әкімдігінің басшыларының ауылдық округтерде азаматтарды қабылдау кестелерін тоқсан сайын жасайды, олардың орындалуын бақылайды және қорытындысы бойынша ақпарат дайындайды. «Азаматтардың жүгінулері туралы» № 1-ОЛ нысанындағы есебін ай сайын жасауды және оның ҚР Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық-статистикалық және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасына белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратының, әкімдіктің және оның құрылымдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Заңының талаптарын бұзған мемлекеттік қызметкерлер жөнінде, ол фактілер тексеру кезінде расталған болса, ол туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жыл сайын 20 қарашаға дейін жіберуді қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ әкімдіктерімен электрондық құжат айналымы бойынша жұмысты жүргізеді. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы, сондай-ақ аудан әкімдігінің бөлімдеріндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері айналымының жай-күйін және бақылауға алынған құжаттардың орындалуын зерделейді. Аудан әкімі аппаратында іс-қағаздарды (қызметтік хаттарды, арыз-шағымдарды, өтініштерді) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулысына және Қағидаға  сәйкес жүргізеді, яғни өтініш-арыздарды тіркейді, шығыс хаттарды жібереді, 1-ОЛ нысанындағы есебін жасайды, мұрағатқа, сенім телефонына байланысты жұмыстарды жүргізеді. Арыз-шағымдар мен өтініштерді тіркеуден өткізгеннен кейін сараптама жасап, аудан әкімінің орынбасарларының, аппарат басшының қарауына жібереді, олардың бұрыштамасына байланысты орындаушыларға дер кезінде жіберуді қамтамасыз етеді. Тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға (өкілге) немесе заңды тұлғаның өкіліне бірегей нөмір көрсетілген талон беруді жүзеге асырады. Шығыс хат-хабарларды уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді. «Азаматтардың жүгінулері туралы» №1-ОЛ нысанындағы есебін тоқсан сайын жасайды және оны ҚР Бас Прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасына көрсетілген уақытында тапсырылуын қамтамасыз етеді. Мұрағатқа байланысты жұмыстарды жүргізеді, аудан әкімі аппаратындағы істер номенклатурасын жасайды, жыл соңында номенклатураға байланысты іс-қағаздарының мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді, сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппартының мұрағатындағы құжаттардың сақталуына жауап береді. Мұрағаттағы құжаттарды аппарат қызметкерлерінің сұранысына байланысты тауып, көшірмелерін дайындап беруді жүзеге асырады, ол жөнінде арнайы журналға тиісті мәліметтерді түсіріп отырады. Сенім телефонының жұмысын қамтамасыз етеді, сенім телефоны арқылы түскен сұраныстарды, арыз-өтініштерді, басқа да ақпараттарды тіркеуге алады, оны тиісті басшылардың қарауына және оларды орындаушыларға уақытылы жіберілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, аппарат басшысының, оның орынбасарының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады.Мемлекеттік қызметтерді көрсету функциялары жүктелген «Е-Лицензиялау» АЖ-да жұмыс істеуді, орындалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.Мамандығы: Педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті немесе филология, аударма ісі немесе халықаралық қатынастар, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану немесе ақпараттық жүйелер, ақпаратық қауіпсіздік жүйелері.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3, 1-бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды. Салық есебін жүргізеді.  Салық және міндетті төлемдерді жинау. Құқық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметі бойынша жұмысын қадағалау, үйлестіру. Құқық бұзушылық пен жасөспірімдермен жұмыстарды жүргізу (ИДН), ішкі істер бөлімі есебінде тұрған жағдайы жоқ жанұя балалары мен қиын жасөспірімдермен жүргізілген жұмыстарды ұйымдастыру. Әлеуметтік саласына жетекшілік етеді. Денсаулық сақтау саласы бойынша және бірыңғай жиынтық төлемі бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды ұйымдастыру. Ауылшаруашылық саласы бойынша барлық жұмыстарды ұйымдастырады, ауылдық округтегі мал санын анықтауды зерделеу жұмыстарын жүргізу. Әйелдер кеңесінің жұмыстарын жүргізу. Әскери міндеттілерді шақыру және шақырылу мерзімін ұзарту туралы әскери комиссариатпен жұмыстар жүргізу. Мәдениет саласы бойынша барлық жұмыстарды ұйымдастырады. Дін саласы бойынша жұмыстар жүргізеді. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Егін орағының барысы туралы жұмыстарын зерделеу. Мал азығын дайындау жоспарының орындалуын бақылау. Ауылдық тұтыну кооперативтерінің жұмысын зерделеп, анықтау. Ауылдық округте бірдейлендіру жұмыстарын қадағалау. Асыл тұқымды мал шаруашылығының ет, сүт, жүн өндірудің мәселелерін бақылауға алу. Шаруашылық кітаптарын жүргізу, шаруашылық кітаптарының алфавиттік кітаптарын жүргізеді. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды, санитарлық тазалық құқық бұзушылықтың алдын алу мен шаралар қолдану (айыппұлдар) және қысқы кезеңде көшелерді қардан тазалауды ұйымдастыру. Ауылдық округтегі бірдейлендіру мен қаңғыбас иттерді жоюды ұйымдастыру. Ауылдық округке, аудандық жәрмеңкелерді өткізу және ұйымдастыру. Ауылдық округтегі мекемелердің қысқы жылыту маусымына дайындық іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстары. Елді мекендерді газдандыру мәселесі, су жүйелерін түгендеу, «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ауылдық округтегі жолдардың және көпірлердің техникалық жағдайын зерделеп, қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4, 1-бірлік, № 01-09, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).

 

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты.  Ауылдық округ әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Мемлекеттік сатып алудың жоспарын құру ол бойынша жұмыстарды жүргізу, орындалуын бақылау. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медециналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Жергілікті қауымдастық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Жарықтандыру бойынша барлық жұмыстарды қадағалау.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4, 1-бірлік, № 01-15, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Азық түліктің бағаларын және жанар жағар май тауарларының бағаларының тұрақтылығын қадағалайды. Жергілікті аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларды, Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастырады, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру іс-шара жоспарын дайындайды. Округ аймағындағы барлық меншіктегі кәсіпорындары мен кіші және орта кәсіпкерлік нысандары, өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын-энергетикалық кешендерін дамыту салаларының мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін тарту мен дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Кәсіпкерлермен дүкен сауда орталықтарының атауларының дұрыс жазылуын қадағалайды. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу. Салық пен басқа да міндетті төлемдерінің жиналуын қамтамасыз етеді. Екпе алу бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді. Жәрмеңкені ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4, 1-бірлік, № 01-08, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі және әкімнің орынбасары тапсырған нұсқауларын және берілген тапсырмаларын орындау. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы өткізу. Барлық салық төлемдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Иесіз мүліктерді тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Ағаш кесу бойынша жұмыстарды жүргізу. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар, кіші және орта кәсіпкерліктің өсуі мен дамуы салалары бойынша жұмыстарды жүргізу, кәсіпкерлермен дүкен сауда орталықтарының атауларының дұрыс жазылуын қадағалап, өзара қарым-қатынас жасау. Ауылдық округтегі шағын және орта кәсіперлік нысандары мен көрнекі жарнамалары бойынша жұмыстарды жүргізу.                  Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.