Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
| 1 | Жайлы және
жайлы емес үйлер |
1 тұрғын | 1,02 |
| 2 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,66 |
| 3 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,40 |
| 4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,73 |
| 5 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
| 6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,02 |
| 7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,40 |
| 8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,52 |
| 9 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,12 |
| 10 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
| 11 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
| 12 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
| 13 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
| 14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,47 |
| 15 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
| 16 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,36 |
| 17 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,43 |
| 18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,33 |
| 19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,08 |
| 20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,15 |
| 21 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
| 22 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
| 23 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,06 |
| 24 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |