ЖЫР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0

№4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі А.Нұркееваның ұйымдастыруымен Төле бидің 360 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында ақындар байқауы болып өтті. Аталған іс-шараға 6-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, қазақтың біртуар тұлғасына арналған өздерінің жүрекжарды жыр шумақтарын оқыды. Байқау мектеп-лицейдегі тарих пәнінің айлығы аясында оқушылардың төл тарихын, ұлттық құндылықтарын насихаттау бағытында ұйымдастырылды.

Жыр додасында жалынды жырларымен көзге түскен, 6 «ә» сынып оқушысы Д.Әйтелбай І орынға, 9 «ә» сынып оқушысы А.Айбек ІІ орынға, 9 «а» сынып оқушысы А.Алмабек ІІІ орынға ие болып, арнайы кубокпен және мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар жарысқа белсене қатысқан өзге оқушылар да арнайы номинациялар бойынша мақтау қағаздарына ие болды.

ЕЛНҰР ӘСКЕНҰЛЫ, №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.