Қордай ауданында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті

0

Қордай ауданында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті

Жамбыл облысында 12–18 мамыр аралығында ұйымдастырылған республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2026 жылғы 14 мамыр күні Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында арнайы кездесу өтті.

Іс-шараны ұйымдастыруға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен келген республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Шоманов Болат Шаймолданұлы қатысты.

Кездесу барысында халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызы кеңінен түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.