ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 292,3 тонна ет (сойыс салмақта), 3396 тонна сүт, 395,8 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 3,6 тонна ет, 41,8 тонна сүт, 0,7 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 91064 басқа, қой 424440 басқа, ешкі 8726 басқа, жылқы 20532 басқа, шошқа 694 басқа, үй құстары 104668 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1089 басқа, ешкі 208 басқа, жылқы 1485 басқа үй құстары 1514 басқа көбейді, қой 1531 басқа, шошқа 336 басқа, азайды.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі   3365122 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 814780 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары   2550342 мың теңгеге сатылды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 5090320 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 113,7% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ. Аудан бойынша қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 835172 мың теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.