АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 2715,5 тонна ет (тірідей салмақта), 14743,5 тонна сүт, 4295,7 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 32,7 тонна ет, 60,5 тонна сүт, 5,4 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 94961 басқа, қой 485779 басқа, ешкі 17176 басқа, жылқы 22157 басқа, шошқа 901 басқа, үй құстары 102641 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1543 басқа, қой 3081 ешкі 331 басқа, жылқы 1731 басқа, үй құстары 1720 басқа көбейді, шошқа 293 басқа азайды.
БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 15255865 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 4445656 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 10810209 мың теңгеге сатылды.
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 21164732 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 114% құрады.
ИНВЕСТИЦИЯ. Аудан бойынша қаңтар-сәуір айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 22002996 мың теңгені құрады.
ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар-наурыз айында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 15581514 мың теңгені құрады.