АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 2087,7 тонна ет (сойыс салмақта), 10013,5 тонна сүт, 3108,8 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 34,9 тонна ет, 59,5 тонна сүт, 5,1 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 94824 басқа, қой 478061басқа, ешкі 9906 басқа, жылқы 20258 басқа, шошқа 861 басқа, үй құстары 102707 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1022 басқа, қой 2250 басқа,ешкі 316 басқа, жылқы 1559 басқа, үй құстары 1786 басқа көбейді, шошқа 308 басқа азайды.
БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 11067497 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 3231309 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 7836188 мың теңгеге сатылды.
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 16884371 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 119% құрады.
ИНВЕСТИЦИЯ. Аудан бойынша қаңтар-наурыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 19694525 мың теңгені құрады.
ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар-наурыз айында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 15310219 мың теңгені құрады.