Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4989,6тонна ет (тірідей салмақта), 26776 тонна сүт, 10809,3 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 20,2 тонна ет кем өндірілді, 174 тонна сүт, 37 мың дана жұмыртқа артық өндірілді.
Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 511408 басқа, қой 3594073 басқа, ешкі 107107 басқа, жылқы 216230 басқа, шошқа 4603 басқа, үй құстары 2132211 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегі мен салыстырғанда мүйізді ірі қара 35374 басқа, қой 290216, ешкі 3406 басқа, жылқы 20715 басқа үй құстары 187652 басқакөбейді,шошқа 719 басқа көбейді.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 29533223 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 7836567 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 21696656 мың теңгеге сатылды.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 34171276 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 103,1% құрады.
Инвестиция. Аудан бойынша қаңтар-шілде айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 30434766 мың теңгені құрады. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-шілде айында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 22073333 мың теңгені құрады.