«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 2025 жылғы 21-26 сәуір аралығында еліміз бойынша кең ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осыған орай, бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданының ауылдарында да ауқымды тазалық және көгалдандыру шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Масанчи мен Сортөбе ауылдарының арасындағы жол жиегіне 900 түп қарағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, Қордай ауылында орналасқан орталық көшелер мен қоғамдық орындарда жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді. Ал Қаракемер, Қасық ауылдарында санитарлық-тазалық және абаттандыру бағытындағы бірқатар шаралар атқарылды.
Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және еліміздің елді мекендерін абаттандыру жұмыстарын жандандыру.