Қордай ауыл әкімінің орынбасары М.Оналбаев Үсен Ұлы базарында кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

0

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді.

Жиын барысында сөз алған әкім орынбасары конституциялық реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайту екенін атап өтті. Сондай-ақ, өзгерістердің елдің саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететініне тоқталды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер мен тұрғындар өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.