Қордай ауылында кіші футбол және балалар ойын алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында алаңшалардың санитарлық жағдайы жақсартылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ойын элементтері мен спорттық құрылғылардың қауіпсіздігі тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары қолға алынуда.