Қордай ауданындағы №239 дауыс беру учаскесінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Тәртіп сақшылары ел үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық борыштарын орындап, дауыс берді.
Референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қоғамдық-саяси оқиға.